Қайрат Нұртас пен Мәдина Сәдуақасова түрікше ән айтып сынға қалды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас пен Мәдина Сәдуақасова түрікше ән айтып сынға қалды (ВИДЕО)
Скриншот видеодан алынды

Танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Мәдина Сәдуақасова түрік тілінде ән айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнерпаздар түрік әншілері Зейнеп Бастық пен Мустафа Сандалдың репертуарынан Mod композициясын орындады.
Бейнежазбаға қарағанда, әртістер әріптестері мен достарының ортасында өнер көрсеткен. Кадрдан Әбдіжаппар Әлқожа, Ақбота Сейітмағамбет және Ғазизхан Шекербековті көруге болады.
Мәдина мен Қайрат түрік тіліндегі әнді беріліп айтып қана қоймай, беріліп билегендері байқалады. 
Алайда пікір қалдырған тыңдармандар әртістердің әнді жанды дауыста орындағанын атап өтсе де, Мәдинаның түрік тіліндегі қатты акцентпен айтатыны жазып өтті. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу