Қазақ қыздары Камбоджа мен Лаоста жантүршігерлік жағдайда құлдыққа жегілген

Қазақ қыздары Камбоджа мен Лаоста жантүршігерлік жағдайда құлдыққа жегілген
04.07.2025 13:31
0
278
Фото: Видеодан кадр

Камбоджа мен Ласо елдеріне жұмыс істеуге кеткен Қазақстан азаматтары еңбек құлдығынан құтқарылды. Қазақстан ІІМ Интерпол бөлімінің шұғыл әрекетінің арқасында бойжеткен аман-есен елге оралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

Жалған жұмыс ұсынысы: қыз еңбек құлдығына тап бола жаздады

Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі қызметіне орналасу мақсатында барған. Алайда шетелге жеткен соң, ұсыныстың шынайы емес екені белгілі болып, ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне душар болды.

Қазақстан Интерполы шұғыл әрекет етті

Қауіпті жағдай туралы мәлімет түскен сәттен бастап Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерпол бөлімшесі бірден шара қолданды. Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол бас хатшылығының адам саудасымен күрес тобына ресми сұраныстар жіберілді.

Қыз аман-есен елге қайтарылды

Халықаралық әріптестермен үйлесімді жұмыс пен жедел байланыс нәтижесінде бойжеткен дер кезінде құтқарылып, Қазақстанға аман-есен оралды. Қазіргі уақытта оны шетелде заңсыз жұмысқа тартпақ болған адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Олар заң шеңберінде жауапқа тартылады.

Тағы бір оқиға – Лаостағы құтқару

Қазақстан Интерполы «Либертерра II» атты халықаралық операцияға да қатысты. Оның аясында Лаос еліне жалған жұмыс ұсынысымен алданған тағы бір қазақстандық қыз құтқарылып, елге қайтарылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий