Қазақ тілін үйрететін ойынға 241,8 млн теңге жұмсалған

22.01.2026 18:43 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Қазақ тілін үйрететін ойынға 241,8 млн теңге жұмсалған
39
әлеуметтік желі

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ тілін үйренуге арналған Steppe Rider компьютерлік ойынын әзірлеуге 241,8 миллион теңге жұмсаған. Жоба әлеуметтік желілерде сынға ұшырағаннан кейін министрлік оның мақсаты мен құнын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов бұл ойын мемлекеттік тілдің беделін арттыру үшін қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, Steppe Rider – тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында жасалған қазақ тілін үйрететін алғашқы отандық компьютерлік ойын. Жоба А1 және А2 деңгейлерінде қазақ тілін меңгеруге арналған және үш платформада қолжетімді.

«Бұл – халықаралық деңгейдегі жоба. Мұндай ойындардың нарықтағы құны бір платформа үшін 1 мыңнан 300 мың АҚШ долларына дейін барады. Ал біздің өнім үш платформаны қамтиды. 2026 жылы ойынды жаңарту жоспарланып отыр», – деді Ербол Тілешов.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лотта ойынның құны 241,8 млн теңге деп көрсетілген. Техникалық сипаттамада жоба «мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған балаларға арналған компьютерлік ойын» ретінде тіркелген.

Алайда 19 желтоқсанда Steam платформасында шыққан Steppe Runner ойыны пайдаланушылардың сынына ұшырады. Көпшілік оны бастапқыда уәде етілген RPG элементтері бар стратегия емес, әріп жинайтын қарапайым раннер ретінде бағалаған. Әлеуметтік желіде «ойын әуесқой деңгейінде жасалған», «бағасы тым қымбат» деген пікірлер жиі жазылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий