Қазақмыс геологтардың жұмыс жағдайын жақсартуға 425 млн теңге бөлді

02.04.2026 16:05 Арман Ермеков
Қазақмыс геологтардың жұмыс жағдайын жақсартуға 425 млн теңге бөлді
52
Фото: KAZAKHMYS

Қазақмыс корпорациясы Жезқазған мен Нұрқазғандағы геологтардың жұмыс жағдайын жақсарту үшін 425 млн теңге бөліп, техникалық базасын жаңартуға кірісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Kazakhmys Barlau мекемесінде басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов жиын өткізіп, 2026 жылға арналған геологиялық барлау жоспарын бекітті. Отырысқа қатысушылар 1 тоқсанның қорытындысын қарап, минералдық қорды толықтыру мен бұрғылау бағдарламасының бағыттарын айқындады.

Қазір Жамбыл, Қарағанды және Абай облыстарындағы телімдерде жалпы көлемі 14,5 мың метрді құрайтын бұрғылау жұмысы жүріп жатыр. Мамандар жинаған деректер геологиялық құрылымды нақтылап, алдағы жоспарларды дұрыс құруға көмектеседі. Сондай-ақ басшылық су тасқыны кезінде жұмысты тоқтатпау үшін тиісті шаралар қабылдады.

Биыл корпорация Жезқазған мен Нұрқазған кен орындарында геологтар мен маркшейдерлерге арналған жаңа әкімшілік және тұрмыстық кешендерді сала бастады. Осы мақсатқа компания 425 млн теңге қаражат бөлген.

Тез әрі икемді болуы үшін модульдік форматта салынатын нысандар жұмыскерлерге толыққанды жағдай жасайды. Жаңа кешен ішінде мамандарға арналған кеңсе, жуынатын бөлме, киім ауыстыратын және тынығатын орын, құрал мен саймандар сақтайтын қоймалар орналасады.

Сонымен бірге компания геологиялық блокты техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру бағдарламасын қолға алды. Олар мамандарды жаңа компьютерлік техникамен, кен орындарын 3D форматта модельдеуге арналған құрылғылармен және халықаралық стандартқа сай қор есептейтін бағдарламалармен қамтамасыз етеді.

Корпорация геологиялық барлау мен бұрғылау бөлімшелерінің кадрлық әлеуетін арттырып, материалдық базасын күшейту жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий