«Қазақмыс» өндіріс орындарындағы тұрмыстық инфрақұрылымды жаңартып жатыр
«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлердің тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік алаңдардағы киім ілетін 6900 шкафты жаңартып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Жаңа жиһаз ең алдымен адам саны көп және жұмыс қарқыны жоғары бөлімшелердегі киім ауыстыратын бөлмелерге қойылады. Бұл шкафтар арнайы киім мен жеке заттарды қауіпсіз сақтауға өте ыңғайлы, берік материалдан жасалған әрі іші жақсы желдетіледі.
Бағдарлама аясында Жыланды кенішінде 200, ал Жомарт кенішінде 300 жаңа шкаф орнатылады. Кәсіпорындарға жабдықтарды толық жеткізу және құрастыру процесі биылғы шілде айына дейін аяқталуы тиіс. Жұмысшыларға мұндай қолайлы орта қалыптастыру өндірістік мәдениетті арттырудың басты факторы саналады.
«Жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау өнеркәсіптік қауіпсіздік, өндірісті жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу мәселелерімен қатар басым бағыт болып қала береді», – деп хабарлады компания өкілдері.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді