Қазақстан мен Оңтүстік Корея бұқтырылған ет өндіретін бірлескен кәсіпорын ашады
Қазақстан мен Оңтүстік Корея еліміздің аймағында бұқтырылған ет (тушонка) шығаратын бірлескен өндірістік цех салуға келісті. Келісім Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес-форумы аясында жасалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жобаның екі тараптан бөлінетін жалпы инвестиция көлемі 1,3 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазақстан тарапынан жобаны жүзеге асырумен Samsar Investment компаниясы айналысады.
Бұдан бөлек, келіссөздер барысында Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға құны 13 миллион доллар болатын 1 мың тонна сиыр етін экспорттау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар Samsar Investment компаниясы корей тарапына ай сайын 3 мың тонна тазартылған күнбағыс майын жеткізіп тұруға уағдаласты.
Сондай-ақ форум қорытындысы бойынша екі елдің бизнес өкілдері жалпы құны 54,8 миллион долларды құрайтын коммерциялық құжаттарға қол қойды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...