Қазақстан қарулы қақтығыс қатысушыcы емес: СІМ дрондар шабуылы жайлы шұғыл мәлімдеме жасады

14.01.2026 17:06 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Қазақстан қарулы қақтығыс қатысушыcы емес: СІМ дрондар шабуылы жайлы шұғыл мәлімдеме жасады
0
249
Фото: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қара теңіздегі мұнай танкерлерімен байланысты оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Айтуынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге дрондар арқылы жасалған шабуылдарға байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіреді.

«Осы орайда бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен өткізілген шұғыл кездесулер, сондай-ақ америкалық тараппен және өзге де шетелдік серіктестермен болған байланыстар барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән бердік», - делінген ресми мәлімдемеде.

Министрлік Қазақстан қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы емес екенін, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын әрі энергия ресурстарын жеткізудің үздіксіздігін халықаралық талаптарға толық сәйкес қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтті. 

Шабуылға ұшыраған танкерлердің барлық қажетті рұқсат болған және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтары болған.

«Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтеміз және серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз», - делінген мәлімдемеде. 

Бұған дейін «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» халықаралық консорциумдары жалға алған екі шетелдік танкер КҚК терминалы маңында Украина дрондары шабуылдарынан зақымдалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий