Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттауда

Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттауда
Ашық дереккөз
Қазақстандықтар үшін жанармай тағы да қымбаттады

Қазақстанда жанармай құны тағы қымбаттады. АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бірнеше өңірде өсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Яндекс Заправки" сервисінің мәліметінше, өткен демалыс күндері АИ-92 бағасы тағы 2 теңгеге көтерілген.

  • Алматы мен Астанада Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінде АИ-92 209 теңгеден сатылуда.
  • Семейде баға әзірге 207 теңге деңгейінде сақталуда.
  • Атырауда Qazaq Oil желісіндегі ең төменгі баға белгіленіп, 200 теңге болып тұр.
  • Басқа желілердегі АИ-92 бағасы 199-207 теңге аралығында қалып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда бензиннің шекті бағасы алынып тасталғаннан кейін, жанармай құю бекеттері өз бағаларын біртіндеп көтере бастады.

Сарапшылардың пікірінше, бензин бағасының өсуі жанармай нарығындағы жаңа өзгерістерге, инфляция деңгейіне және мұнай өнімдерінің бағасына байланысты. Жанармай құнының алдағы уақытта қалай өзгеретіні әзірге белгісіз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу