Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге жұмсалады
26.05.2025 16:22
0
281
Фото: informburo.kz
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда 2025 жылы өтетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына 3,7 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Мақсат Тұрлыбаевтың сөзінше, «бөлінген бюджет туралы сұрақтарға жауап бере отырып айтарым, санақ 2025 жылға республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге сомасында қаржыландырылады». Есептеулер бойынша, бір респондентке кететін шығын шамамен 3,2 АҚШ долларын құрайды. Бюро басшысы шығыстардың негізгі бөлігі санақ жүргізуші персоналдың еңбекақысын төлеуге, сондай-ақ техникалық жабдықтауға және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге бағытталатынын атап өтті.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Қазақстанда биыл 1 тамыздан 20 қазанға дейін жалғасады. Ал санақтың онлайн кезеңі 1 тамыздан 31 тамызға дейін sanaq.gov.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.

Дереккөз: Kazinform

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий