Қазақстанда іздеуде жүрген екі педофилдің суреті тарады

Қазақстанда іздеуде жүрген екі педофилдің суреті тарады
28.04.2025 13:14
0
142
Фото: Instagram

Ақтауда іздеуде жүрген екі педофилдің суреті тарады. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

«Мына қағазды таң атпай чаттарға таратып жатыр. Менің 250 адам отырған вастап чатыма оқырмандарым жіберіпті. Сонымен @up_aktau_polisia, @qriim_mvdrk бұл Педофилдер  қайда жүр?? Неге осы Педофилге келгенде бәрің  керең , соқыр болып қаласындар, өтірік таба алмай қаласындар? Ақтау тұрғындары неге бұларды тапқанша балалары үшін алаңдап,  қорқып отыру керек?», - деп жазды адвокат. 

Ләззат Рақышева  педофилдерді ақтап, өзіне шабуыл жасайтындардың үстінен арыз жазатынын да айтты.

«Біздің қоғамға  Педофилдерді асырап  мүлде қажеті жоқ, оларды түрмеде халықтың ақшасына не үшін асырау керек? Қоғамға олардың қандай пайдасы бар?  Соларға шығындалған ақшаны зорланған балалардың еміне  беру керек!», - деді ол. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий