Қазақстанда миллиардтаған қаражат бюджетке емес, жеке компанияға кетуде

Қазақстанда миллиардтаған қаражат бюджетке емес, жеке компанияға кетуде
29.05.2025 15:34
0
310
Коллаж POLITICO.KZ
Қазақстанға әкелінетін әр смартфон үшін 4 000 теңгеге жуық төлем енгізілгені анықталды.

Әр смартфон үшін 4 000 теңге: Миллиардтаған қаражат бюджетке емес, жеке ЖШС-ға неге ауысады?

Қазақстанға әкелінетін әр смартфон үшін 4 000 теңгеге жуық төлем енгізілгені анықталды. Эколог Павел Александровтың пайымдауынша, бұл миллиардтаған қаражат мемлекеттік бюджетке емес, жекеменшік ЖШС-ға түседі..

2025 жылдың көктемінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) IMEI-кодтарының ақ, сұр және қара тізімдерін енгізгеннен кейін, қазақстандықтар арасында «ақ» смартфондар үшін күрес қызу талқыға түскен болатын. Бұл жүйені басқару үшін «Абоненттік құрылғыларды мониторингтеу және сәйкестендіру ақпараттық жүйесі» деп аталатын жеке сайт іске қосылды. Онда қазақстандықтар өз құрылғыларын тіркеп, тексере алады.

Жеке тұлғалар айына екі смартфон мен екі планшетті тегін тіркей алады. Алайда, заңды тұлғалар жүйеге міндетті түрде тіркеліп, бір құрылғы үшін шамамен 4 000 теңге төлеуі тиіс.

Қазақстанға ресми түрде жылына шамамен 4 миллион смартфон импортталатынын ескерсек, бұл соманың техника импорттаушылар есебінен, ал ақыр соңында қарапайым қазақстандықтар есебінен жыл сайын 16 миллиард теңгеге жуық қаражаттың кімнің қолына түсетінін есептеу қиын емес. Егер бұл алымдар бюджетке түссе, оны түсінуге болар еді. Бірақ мәселе мынада, бұл миллиардтаған қаражат 2023 жылы құрылған қарапайым жеке ЖШС-ға кетеді.

Орасан зор қаражатты алушы – «ATS Mediafon KZ» ЖШС. Оның қызметі бағдарламалық кодты әзірлеу және тестілеу деп көрсетілген. Компанияның директоры және құрылтайшысы Владислав Сафаров есімді азамат болып табылады. Kompra.kz ақпараты бойынша, ол сондай-ақ тауарларды көтерме саудамен айналысатын «AVS ALLIANCE» ЖШС және аппараттық-бағдарламалық кешендерді монтаждаумен және баптаумен айналысатын «KAZAKHSTAN HERITAGE» ЖШС сияқты компаниялардың да басшысы.

«ATS Mediafon KZ» ЖШС 2023 жылдың 21 сәуірінде бастапқыда «ATS Advanced Telecom Solutions» ЖШС атауымен тіркелген. 2025 жылдың наурызында ол қазіргі атауын алды. Айта кетерлігі, компания тіркелген сәттен бастап ешқандай салық төлемеген, яғни ешқандай қызмет атқармаған. Алайда, «ATS Mediafon KZ» ЖШС Headhunter сайтында жақсы жалақысы бар үш бос жұмыс орны ашық тұр.

Дереккөз: Ақ Жайық

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий