Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі артуы мүмкін: болжамдар қандай?
1605
Қазақстан жұмыссыздықтың артуына бейім елдердің қатарында
Қазақстан экономикасының өсімімен қатар жұмыссыздық көрсеткіштері де алаңдатуда. Халықаралық еңбек ұйымының (ILOSTAT) деректері бойынша, 2024 жылы Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша 187 елдің ішінде 104-орында, ал ТМД елдері арасында Тәжікстан мен Әзербайжаннан кейінгі 3-орында тұр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ҚР еңбек нарығындағы негізгі мәселелер:
- Еңбек қызметтері азайды: 2024 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында еңбек саласындағы қызметтердің көлемі 374,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға төмендеді.
- Тұрақты жұмыс орындары азаюда: Жұмыс берушілер уақытша келісімшарттарға көбірек бет бұрған. Бұл қызметтер көлемі 3,5 есе өсіп, 4,8 млрд теңгені құрады.
- Ресми жұмыссыздар саны: 2024 жылдың үшінші тоқсанында 448,6 мың адам тіркелген, бұл елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,6% деп бағалауға мүмкіндік береді.
ТМД елдерімен салыстырғанда:
- Тәжікстан: жұмыссыздық деңгейі 11,6%.
- Әзербайжан: 5,6%.
- Қазақстан: 4,8%.
- Ресей: 2,5%.
- Молдова: 1,4%.
Қазақстандағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі ел азаматтарының әл-ауқатына кері әсерін тигізуде. Әсіресе, уақытша жұмыстың көбеюі халық үшін тұрақты табыстың азаюына және әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуде.
2025 жылы жағдай айтарлықтай өзгермейді деген болжам бар.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
14:08
Ақмола облысында екі бірдей әкім қызметінен бос...
21.09.2026
14:07
"11 сынып оқушылары ұрған": мектепте 15 жастағ...
21.09.2026
13:28
"4 бала сүйгім келеді". Бота Миа неліктен аналы...
21.09.2026
13:17
Айыппұл үкімі жойылды: Шымкенттегі балаға қатыс...
21.09.2026
13:16
«Бір-екі адам көз жұмғанын естідім». Бота Миа қ...
21.09.2026
12:55
Тимур Балымбетов: Мен – маскүнем әкенің қолында...