Қазақстандағы ауруханалар жаппай тексеріледі

22.01.2026 17:01 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Қазақстандағы ауруханалар жаппай тексеріледі
44
фото: ҚР Парламентінің Сенаты

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі медициналық ұйымдарды жаппай тексеру науқанын қайта жандандырды. 2026 жылы жүзден астам клиника мен аурухананың жұмысы қатаң сүзгілен өткізілмек, деп хабарлайды Politico.kz

Министрлікке қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті арнайы кесте бекітті. Оған сәйкес, биыл 118 мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемесі жоспарлы тексеруден өтеді. Сарапшылар олардың біліктілік талаптарына қаншалықты сай келетінін анықтайды.

Комитет өкілдері тексеріс барысында мына үш мәселеге баса назар аудармақ:

  • мамандардың біліктілігі мен кәсіби деңгейі;
  • медициналық құрал-жабдықтардың түгендігі мен сапасы;
  • ғимараттар мен бөлмелердің бекітілген нормативтерге сәйкестігі.

Сонымен қатар, 2026 жылдың алғашқы алты айында тағы 57 медициналық ұйымда профилактикалық бақылау жүргізіледі. Бұл шараның мақсаты – кемшіліктерді жазалау емес, заң бұзушылықтардың алдын алу және пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.

Ведомство бұл тексерістердің ашық әрі әділ өтетініне уәде беріп отыр. Айта кету керек, рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтайтын дәл осындай ауқымды жоспарлы тексерістер соңғы рет 2023 жылы ұйымдастырылған болатын. Қазіргі шара – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, емдеу саласында бірыңғай стандартты қалыптастырудың бір бөлігі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий