Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиесі тексерусіз кешіріледі: шарты қандай

15.04.2026 16:27 Әсел Мұрат
Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиесі тексерусіз кешіріледі: шарты қандай
808
Фото: Максим Золотухин

Қазақстандықтардың бір бөлігі табысы мен мүлкі бар-жоғына қарамастан, мерзімі өткен несиелерін есептен шығара алады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова нақты кімдердің кредиті кешірілетінін айтып берді.

Оның айтуынша, мерзімі өткен несиені жабу үшін екі негізгі талап бар:

  • азаматтың табысы екі ең төменгі жалақыдан (170 мың теңгеден) аспауы керек;
  • оның атына тіркелген мүлкі болмауы тиіс.

Дегенмен, несиесін 5 жылдан астам уақыт төлемеген азаматтарға бұл талаптар қолданылмайды.

«Егер қарыздың мерзімі 5 жыл немесе одан да көп болса, онда бұл екі шарт ескерілмейді. Мұндай жағдайда адам табысы мен мүлкіне қарамастан еркін түрде өтініш беріп, қарызын есептен шығара алады», – деді Әбілқасымова.

Әбілқасымованың айтуынша, бұл нормаға қосымша “проактивті банкроттық” тетігі енгізілген.Бұл жағдайда мемлекет борышкерлерді өзі анықтайды.

Қаржы министрлігі осындай азаматтарға SMS-хабарлама жіберіп, банкроттық рәсімін ұсынатын болады.

«Оларға SMS жіберіп, банкроттықты ұсынамыз. Қазір бұл мүмкіндікті пайдаланатындар аз болып тұр дейді», – деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап елімізде несие беру талаптары күшейтіледі. Банктер қарыз алушының төлем қабілетін қатаң бағалайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий