Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні рас па?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге берілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеме жасады. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын ескертті.
«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады», - делінген министрлік хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды