Қазақстаннан бензин экспорттайтын жалғыз компания Ресейге тәуелді болуы мүмкін

20.04.2026 16:07 Арман Ермеков
Қазақстаннан бензин экспорттайтын жалғыз компания Ресейге тәуелді болуы мүмкін
152
Бензин экспортына тек «Конденсат» зауыты квота алған. Фото: neftegaz.ru

Биылғы жылдың басында Қазақстаннан бензин экспорттауға рұқсат алған жалғыз кәсіпорынның ресейлік компаниялармен байланысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы мұнай-газ саласының сарапшысы Олег Червинский өзінің Telegram арнасында мәлімдеді. Оның сөзінше елдегі басқа өндірушілерге жанармайды теміржол немесе көлікпен шетелге сатуға тыйым салынған.

"Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанында бензин экспортын қайта бастады, алайда экспортқа квотаны тек Батыс Қазақстан облысындағы Конденсат зауыты ғана алды. Бұл мекеме Транснефть құрылымдарынан алынатын шикізатпен жұмыс істейді және кейбір мәліметтер бойынша ресейлік компаниямен үлестес", – деп жазды сарапшы.

Осы жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығында аталған зауыт шетелге 54 374 тонна бензин сатқан. Бұл тауардың 45% Өзбекстанға және 45% Ауғанстанға жөнелтілсе, қалған аз көлемі Тәжікстан мен Әзірбайжанға жіберілген.

Айта кетейік, дәл осы сарапшы бұған дейін QazaqGaz компаниясының еншілес ұйымдарында қаржылық тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий