«Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе»: Бағдагүл емші саудагер Ерсайға шүйлікті

07.09.2026 16:16 Мөлдір ҚАЙНАР
«Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе»: Бағдагүл емші саудагер Ерсайға шүйлікті
47
Фото: видеодан скриншот

Желіде Бағдагүл емші ретінде танылған желі қолданушысы Қытайдан тауар әкеліп сатумен айналысатын саудагер Ерсай есімді азаматшаның әрекетін сынға алып, президент парақшасын белгілей отырып жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өз жазбасында саудагердің ұтыс ойындары мен сауда әдістерін халықты алдау деп бағалап, оның әрекетіне құқықтық тоқтау қою қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ Қытайдың заң талаптарын мысалға келтіріп, саудагердің елден кетуін талап етті.

"Саудагер Ерсай, олай халыққа жаның ашымасын. «Алтын ұтам» деп қанша қиналған адам ұрынады. Сайқымазақ әңгімеңді тоқтатыңыз! Қытайға барып, дәл солай айтып көр! Сені өлім жазасына кеседі ол жақта, заң күшті. Біздің елде жемқорларды, халықты алдап соққандарды ақшамен ауызбастырық беріп отырсың. Оян, қазақ! Қу түлкіге алданбаңдар! Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе, «Ата жұрт» деп сылтаулатып?", – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Бағдагүл емші өзге де азаматтардың сырттан тауар жеткізіп, адал сауда жасап жүргенін айта келе, желідегі аталған саудагерді қарапайым халықты алдап-арбауды доғаруға шақырды.

"Қанша адам Қытайдан әкеліп, саудасын дөңгелетіп жатыр, шүкір. Бірақ сен сияқты құлақтан теуіп, алдап сатып жатқан жоқ. Өйтіп өтірік жаның ашымасын. Басынба қара халықты, қалтаңды қампитып алып, жемқорлармен барлық жерді сатып алғансың ба?", – делінген жарияланған жазбада.

Войдите, чтобы оставить комментарий