«Қожаның қарғысына қалмау керек»: Руслан Ысқақ Әбдіжаппар Әлқожа қалай ұсталған айтып берді
1292
Жұлдызды асаба Руслан Ысқақ 10 тәулікке қамауға алынған досы Әбдіжаппар Әлқожаға қатысты пікір білдірді.
Руслан Ысқақ өнердегі досы үшін қатты қынжылатынын жасырмады. Ол Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған күні оның қасында болып, жағдайды өз көзімен көрген.
Асаба сол сәтте провокациялық әрекеттер болғанын жеткізді. Сонымен қатар той-бизнес өкілі бұл жағдай Әбдіжаппар үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Руслан Ысқақ досы абақтыдан шыққан соң, оған ақыл-кеңесін бермек.
«Әбдіжаппар досыма қатты жанып ашып, қатты қынжыламын. Бұл жайт та жүрегіме қатты батады. Бүгін туған күнімде Әбдіжаппарымның қасымда болмай тұрғаны көңіліме қаяу түсіріп тұр. Бір бұйрегімсіз, бауырымсыз қалғандай болып тұрмын. Алла жеңілдігін берсін. Әбдіжаппарды ұстағанда қасында болдым. Негізі провокациялық әрекеттер арасында болды. Оның артын қазбалап айтқым келмейді. Біреулерге жеккөрінішті боламыз. Жабулы қазанның беті жабулы қалсын. Алла сабыр берсін. Өзіне сабақ болды. Енді кімнің кім екенін, қоғамда қалай жүру керек екенін білетін болады. Шыққаннан кейін өзіміз де дос ретінде ақыл-кеңестерімізді айтамыз. Әбдіжаппар қазақтың ақкөңіл тұлғасы, мықты өнерпазы. Әбдіжаппарды қатты жақсы көреміз. Қазақтың қожасының қарғысына қалмау керек еді», – деді Реслан Ысқақ Анна Данченкоға берген сұқбатында.
Соңғы жаңалықтар
21.04.2026
18:20
Интим видеосы тараған «Хан тамадаға» қатысты сұ...
21.04.2026
17:29
Дубайда қазақ баласы өмір бойына сотталған
21.04.2026
17:17
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен бүлдіршін...
21.04.2026
16:59
Мұхтар Шахановтың денесі Отырарға жеткізілді
21.04.2026
16:41
"Дружба" құбыры жабылмақ: Ресей Қазақстан мұнай...
21.04.2026
16:35
“Жұмыссыз ретінде бір миллион теңгеге дейін алы...