Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы 4 жылға сотталды

04.09.2026 22:05 Қарақат АСЫЛОВА
Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы 4 жылға сотталды
517
Видеодан кадр

Құндыз бен Назгүл есімді қыздардың қамқоршысы болған Зульфия Теленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Жыл басында Теленоваға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Іс сотқа жолданып, нәтижесінде сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Алайда сотталушы үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысы алдағы күндері өтеді.

Ал Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайына келсек, апалы-сіңлілі қыздар қазір Тараз қаласындағы арнайы орталықта. Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, олардың жағдайы бірқалыпты, көңіл күйлері жақсы.

Апелляциялық соттың шешімі шыққаннан кейін Теленова ісіне қатысты жаңа мәліметтер жарияланатыны айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының полициясы Теленоваға қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі және 140-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілгенін хабарлаған. Құндыз бен Назгүл қамқоршысының үйінен шығарылып, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына орналастырылған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий