Құранда еркек пен әйел бөлек отыру деген жоқ – дінтанушы

Құранда еркек пен әйел бөлек отыру деген жоқ – дінтанушы
30.04.2025 20:53
0
24

Дінтанушы-ғалым Асылтай Тасболат Құранда ерлер мен әйелдердің бөлініп отыруы туралы талаптың жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Сегрегация деген Құранда жоқ, содан бастайық. Еркек пен әйел бөлек отыру деген жоқ. Себебі, Құранда әйелдердің орамал тағуына қатысты аяттың басында ең алдымен ерлерге ар-ұятты сақтау бұйырылады. “Ар-ұяттарыңа ие болыңдар” деп бірінші еркекке, кейін әйелге айтылады. Ал орамал таққанда “орамалдарыңды кеуделеріңе түсіріңдер” дейді. Контекстке қарасақ, Пайғамбардың алдында ер мен әйел қатар отырған. Әйелді бөліп тастау, шеттету деген жоқ», — деді ол.

Ғалымның айтуынша, ислам дінінде ар мен ұятты сақтау — ең алдымен ер адамдарға жүктелетін міндет. Ал ер мен әйелдің бірге отырып, этика мен тәртіпті сақтау арқылы қарым-қатынас жасауы — сол замандағы ислам қоғамының қалыпты тәжірибесі болған.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий