Құрылтайда жеңілдетілген кредит беру мәселесі көтерілді
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Депутат Нұртай Сабильянов Ұлттық құрылтайдың V отырысында кәсіпкерлерге жеңілдетілген кредит беру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, қазіргі кезде кәсіпкерлік кредиттер 20-25 проценттік мөлшерлемемен рәсімделеді.
«Бұл кәсіпкерлер үшін қолайсыз және бизнесті дамыту мүмкіндігін шектейді. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие жүйесін енгізу керек деп есептеймін. Бұны даму институттары мен банктердің қаражатын үйлестіру арқылы жүзеге асыруға болады», - деді Сабильянов.
Осы орайда депутат мемлекет тарапынан бизнеске бөлінетін қаражаттың тиімділігін цифрлық платформа арқылы бақылау қажет деп санайды.
«Өйткені бизнесті қолдаудың мемлекетке қайтарымы болуы керек. Олар: жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту», - деп атап көрсетті Сабильянов.
Ол сол себепті кәсіпкерлерді қолдайтын несие жүйесін іске қосуды ұсынды.
Соңғы жаңалықтар