Қызғаныш емес, кек!: Берденовке шабуылдың түпкі себебі белгілі болды

Қызғаныш емес, кек!: Берденовке шабуылдың түпкі себебі белгілі болды
28.07.2025 15:27
0
579
Коллаж: POLITICO.KZ

Шымкентте қала әкімінің орынбасарына жасалған шабуыл ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті. 21 сәуір күні әкімдік ғимаратының алдында бес рет оқ атылып, Руслан Берденов ауыр жараланған болатын. Енді бұл оқиғаға қатысты барлық дерек сотта жай-жапсарымен баяндалуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бастапқыда жұрт арасында шабуылдың себебі қызғаныш деген әңгіме тарады. Тіпті, жедел тергеу мәліметінде айыпталушы Ернар Жиенбай оқты Берденовтің жамбасына қарай бағыттап атып, «Ол менің әйеліме тиіскен!» деп айқайлағаны айтылған. Алайда кейін Жиенбайдың жары бұл сөздерді жоққа шығарып, әкім орынбасарымен тіпті таныс емес екенін мәлімдеді. Ал айыпталушының әкесі, бұрынғы прокурор Жиенбай Пралиев те келініне қатысты алыпқашпа сөздерге жол бермеуді сұрады.

Сотта жария етілген айыптау актісіне сәйкес, оқиға алдында Жиенбай қатты күйзеліске түсіп, көлігінде ішімдік ішкен. Кейін үйіне барып, аңшы мылтығын алып шығып, әкімдік алдына келген. Онда ол көлікте отырып, Берденовті күтіп, келген сәтте қарсы шығып, бес мәрте оқ атқан.

Ресми тергеу нұсқасы бойынша, жанжалдың басты себебі қызметтен кету туралы ұсыныс. Жиенбай "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің басшысы болған, ал Берденов оған бұл қызметтен кетуді ұсынған. Осыған наразы болған күдікті ашуға бой алдырып, оқ атқан.

Сот отырысы 6 тамызда басталады. Ашық өтетін процесс барысында ең алғашқы болып сөзді жарақат алған Руслан Берденов береді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий