Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келді
Астанаға Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді, деп хабарлайды ТАСС.
Сергей Лавров 20-21 мамырда Астанада өтетін ШЫҰ министрлерінің отырысына қатысады. 2024 жылғы 21 мамырда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтетіні хабарланған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу