Ресейде жасөспірім мектепке шабуыл жасап, оқушыларды пышақтады
Мәскеу маңындағы Одинцово қаласындағы орта мектепте 15 жастағы оқушы пышақпен оқу орнына шабуыл жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол күзетшіні және бірнеше оқушыны жаралаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бір бала, 4-сынып оқушысы, қаза тапқан.
Оқиға орнына көп ұзамай арнайы жасақ жеткен. Осы уақытта қарулы оқушы өзге бір оқушыны кепілге алған. Онымен келіссөз жүргізілгенімен, ақырында ол бекінген кабинетке шабуыл жасалып, күдікті ұсталды.
БАҚ мәліметінше, ұсталған жасөспірімнің футболкасында «No Lives Matter» («Ешкімнің өмірі маңызды емес») деген жазу болған.
Қазіргі уақытта қызметтер Успенская мектебінің кабинеттерін ықтимал жарылғыш құрылғының бар-жоғын тексеріп жатыр.
Шабуыл жасаған жасөспірім осы мектептің 9-сынып оқушысы екені анықталды.
БАҚ деректеріне сүйенсек, ол шабуылға бірнеше күн бойы дайындалған. Осы уақыт ішінде «Менің ашуым» атты 11 беттен тұратын манифест жазып, оны сыныптастарына жіберген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...