Ресейдегі зауыттан екі қазақстандықтың мәйіті табылды
Ресейдегі металлургиялық комбинат аумағында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға «Северсталь» компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болған.
«14 қаңтар күні ЧерМК өндірістік алаңының аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері — Қазақстан азаматтары өлі табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері анықталуда, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», — делінген «Северсталь» компаниясының хабарламасында.
Ресей Федерациясының Вологод облысының Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады