Ринат Зайытов неге «Мені Құрылтайға жолатпаңдар» деп айтты?

16.07.2026 17:58 Томирис САҒЫНДЫҚ
Ринат Зайытов неге «Мені Құрылтайға жолатпаңдар» деп айтты?
120
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Колумбия университетінің түлегі, заңгер Нұрғазы Әнуарбеков қоғам белсендісі, Мәжіліс депутаты болған Ринат Зайытовтың Ұлттық құрылтайға араласпауының бір себебі бар екенін алға тартты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Ulysmedia порталына берген сұқбатында айтты.  

 «Кезінде Ринат Зайытовты халық қалай қолдағаны есіңізде болар. Ол ұсталған кезінде жұрт полицияның маңайын торуылдап, босатылуын талап еткен еді. Халықтың қолдауымен Amanat партиясына кірді. «Әділетке» кіруі екіталай. Саясаттағы қызметі осымен тәмам деген сөз ғой?» — деп сұрады журналист.

«Ол кісінің өзі «Мені Құрылтайға жолатпаңдар» деп айтты емес пе? Соған қарағанда бір білгені бар шығар. Халық атынан ол кісіге баға бере алмаймын. Бірақ Құрылтайға баруға ниеті жоғын көріп отырмыз», — деді Нұрғазы Әнуарбеков.

Сондай-ақ сарапшы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың саяси болашағы мен олардың ықпалына қатысты алдын ала болжам жасау әлі ерте екенін атап өтті.

«Ол кісілердің мемлекетке сіңірген еңбегі бар. Қазақстанда кадр тапшылығы мәселесі бар екенін мойындау керек. Президенттің бұл азаматтарға саяси көзқарасы өзгере ме, сайлау нәтижесі қалай болады – уақыт көрсетеді. Бірінші сценарий бойынша президент оларды белгілі бір қызметте қалдыруы мүмкін, өйткені шынымен мықты кадрлар. Екінші сценарий бойынша халықтың сенім кредитін алу үшін жаңа адамдарды, әсіресе жастарды көбірек тартуы мүмкін. Президент стратег қой, бәрінің мүмкіндігін таразылайды. Парламент біреу, палата біреу, Халық кеңесі біреу. Кімге қандай орын бұйырарын уақытында көреміз. Болжау қате болады», — деп қосты заңгер.

Войдите, чтобы оставить комментарий