Ритм сезімі туа біткен: Шымкенттік алты жасар даңғырашы Казнетті баурап алды

07.09.2026 22:23 Қанат АЙБАР
Ритм сезімі туа біткен: Шымкенттік алты жасар даңғырашы Казнетті баурап алды
323
Ашық дереккөздерден

Шымкенттік алты жасар Әли Әбсейіт өзінің ерекше музыкалық қабілеті мен ритм сезімталдығының арқасында әлеуметтік желі қолданушыларының сүйіктісіне айналды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлидің өнеріне деген қызығушылығы бір жарым жасынан бастап байқалған. Баланың әкесі, той бизнесі саласында еңбек ететін 31 жастағы Бекнұр Әбсейіттің айтуынша, ол алғаш рет мультфильмдегі әуенге ойыншығымен ұрып, ырғақты дәл ұстап отырғанын байқаған. Кейін апасы сыйлаған электронды барабан бұл өнерге деген құштарлығын арттыра түсті.

Бүгінде жас талант барабан үйірмесіне қатысып жүргеніне бір жылға жуықтаған. Өз жасына қарамастан, Әли кез келген әуенді алғаш рет естісе де, бірден импровизация жасап, ырғаққа дәл түседі.

Бекнұр Әбсейіт ұлының сахнаны ерекше жақсы көретінін және өнерге жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Қазірдің өзінде жас дарынға түрлі концерттер мен салтанатты шараларда өнер көрсетуге ұсыныстар жиі түседі. Әкесі болашақта ұлын үлкен сахналардан көретініне сенеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий