«Руға бөлінбейік, рудан құралайық»: желіде қайраттық футболшылардың қай руға жататыны талқылануда (ВИДЕО)
Жуырда ғана «Селтик» футбол клубын пенальти сериясында жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен алматылық «Қайраттың» футболшылары өздерінің қай жүзге және қай руға жататындарын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында «Қайрат» ойыншыларының арасында қазақ футболшылары қай рудан екені сұралды.
Әсіресе елдің назарын клубтың жас таланты Дастан Сатпаев пен «Селтикке» қарсы ойында қақпаны мықты қорғап, ЧЛ-дың келесі кезеңіне өтуге үлес қосқан қақпашы Темірлан Анарбеков аудартты.
Дастан Ұлы жүздің Дулат руынан болса, Анарбеков өзінің Шеркеш руынан екенін жасырмады.
Видео бірнеше мың қаралым жинап, көптеген пікірлерге себеп болды. Әсіресе «жүзге, руға бөлінудің қажеті жоқ» деген пікір көптеп жазылды.
«Руға бөлінбейік, рудан құралайық», «Неге жүзге, руға бөлесіңдер? Ең алдымен қазақпыз, бірлік болсын, сонда бәрін жеңеміз!», «Негізі дұрыс қарасақ, руыңды білу – қазақтығыңды сақтағаның!» – деген пікірлер жазылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды