"Садақа - мансап құралы емес": Прокурор Перизат Қайрат ісіндегі негізгі ұстанымды жариялады

22.07.2025 11:39
0
554
Коллаж: POLITICO.KZ (Сурет: Informburo.kz)

Прокурор Перизат Қайрат ісіндегі негізгі ұстанымды жариялады

Перизат Қайрат ісіне қатысты сотта тараптардың пікірталасы басталды. Мемлекеттік айыптаушы Мадина Оразалина сот отырысында сөйлеп, айыптау тарапының негізгі ұстанымын жария етті: қайырымдылық жеке мүддеге құрал болмауы тиіс.

— Енді қайырымдылық деген сөзге жамылып, өз мүддесін көздейтін кез келген адам білуі керек: халық енді үнсіз қалмайды, мемлекет те көз жұма қарамайды, ал сенім шексіз емес. Нағыз жанашырлық пен өзгенің қайғысын саудаға салу арасында нақты әрі қатаң шекара болуы тиіс. Біз бұл туралы ашық айтып отырмыз. Садақа - мансап құрудың құралы емес, — деді прокурор.

Оразалинаның айтуынша, бұл іс әлеуметтік тақырыптарды өз пайдасына пайдаланатындарға үлкен ескерту:

— Егер біреу қайтадан ізгілік бетпердесін киіп, қазақ халқының мейірімін пайда көзіне айналдырмақ болса, ол қошемет емес, сот алдында жауап береді. Бұл процесс сабақ болуы тиіс. Бұл баршаға белгі. Халық сенімі әмиян емес, бренд те емес, ол аманат. Ал аманатқа қиянат жасаған жұрт алдында әшкере болады. Біздің еліміздің тарихы шынайы меценаттарды біледі. Олар көмекті үнсіз, камерасыз жасайды, — деді мемлекеттік айыптаушы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий