«Сахна ма, секіру алаңы ма?»: Мақпал Жүнісованың биі жұртты екіге жарды

09.12.2025 16:22 Айсұлу Мұрат
«Сахна ма, секіру алаңы ма?»: Мақпал Жүнісованың биі жұртты екіге жарды
0
321
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың сахнада аяқ астынан ырғып-секіріп билеген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Кадрлардан әншінің ән орындау барысында сахнада белсенді қимылдап, екі аяғымен секіргенін көруге болады. Бұл көрініс желі қолданушыларының назарын бірден аударып, пікірталастың өршуіне себеп болды.

Желіде пікір білдірушілердің бір бөлігі Мақпал Жүнісованың бұл әрекетін орынсыз деп тапты.

«Сахнада не үшін сонша секіреді?», «Фонограмма болса, ондай қимылдан кейін демігіп қалуы керек еді», «Ән айту басқа, шоу жасау бөлек», «Бұрынғы Мақпал емес», – деп жазды сыншылар.

Алайда әншіні қорғап шыққандар да аз болмады. Олар бұл жастың емес, рух пен энергияның көрсеткіші екенін алға тартты.

«Таза қазақтың ерке қызы, не істесе де жарасады», «Жүз жасаңыз, Мақпал апа!», «Мұндай энергия әр әртіске берілмейді», – деп пікір қалдырды жанкүйерлері.

Тіпті кейбір желі қолданушылары әншіні әлемдік жұлдыздармен салыстырып,
«Джей Ло жанында тұрмайды» деп әзілдеді.

Қалай болғанда да, бұл видео бір нәрсені анық көрсетті: Мақпал Жүнісова сахнада әлі де бейжай қалдырмайды. Ал ол – өнер адамы үшін ең басты көрсеткіш.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий