Салмағы тышқандай: әлемдегі ең ауыр жәндік қайта көбейе бастады

06.10.2026 • 14:05 Қарақат АСЫЛОВА
Салмағы тышқандай: әлемдегі ең ауыр жәндік қайта көбейе бастады
284
Фото: Крис Грин

Жаңа Зеландияда әлемдегі ең ауыр жәндік саналатын ветапунганы (wētāpunga) жойылып кетуден сақтап қалу үшін арнайы бағдарлама іске асырылды. Соның арқасында 11 мың жәндік табиғатқа жіберіліп, олардың саны көбейе бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Тек осы елде кездесетін алып жәндіктің аналығы тышқандай салмақ тарта алады. Денесі 10 сантиметрге дейін өседі, ал аяқтарын жайғандағы ені 20 сантиметрге жетеді.

Бір кездері олардың саны сырттан әкелінген жыртқыштар мен тіршілік ететін жерлерінің азаюынан күрт кеміген. 1990 жылдары бұл түр жойылу қаупінде деп танылған.

Мамандар соңғы 15 жылда жәндіктерді арнайы орталық пен хайуанаттар бағында өсіріп, жыртқыштар жоқ аралдар мен қорықтарға жіберген. Екі аралдағы бақылау олардың адам көмегінсіз көбейіп, төртінші және бесінші ұрпағы пайда болғанын көрсетті.

Осы нәтижеден кейін жәндіктің қорғау мәртебесі «жойылу қаупінде» санатынан «қалпына келіп жатқан» санатына ауыстырылды.

«Бұл қуантады, өйткені жойылу қаупіндегі көптеген басқа түріміз туралы мұндай нәтиже айта алмаймыз», — деді зерттеуші Крис Грин.

Грин жобаның жетістіктерін New Zealand Journal of Zoology журналына жазған.

Войдите, чтобы оставить комментарий