Санжар Боқаев Қазақстаннан көшіп кетті (ВИДЕО)
Саясаткер және қоғам белсендісі Санжар Боқаев Санжар Боқаев АҚШ-қа көшіп кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Саяси белсенді өзін іздеген қауымға түсініктеме беріп, мәлімдеме жасады.
Елдегі өткір әрі өзекті мәселелерді ашық көтеріп жүрген өзінің тұрақты аудиториясы бар саясаткер соңғы уақытта көрінбей кетті. Боқаевтың әр қадамын желіде бақылайтын қауым оның із-түзсіз жоғалып кеткенін байқап, іздеуге кірісіп кеткен еді. Саясаткер оқырмандардың уайымын сейілтіп, маңызды мәлімдеме жасады.
«Менде бәрі жақсы. Қазір Құрама Штаттарындамын. Өткен жылы осы жақтан шағын кәсіп ашқанмын. Қазір соңы жүргізіп жатырмын бар. Жағдайым жаман емес», — дейді ол.
Боқаевтың айтуынша, желіде елге қатысты маңызды мәселелерді көтермеуіне қоғамның салқынқандылығы себеп болған.
Ол «нәтижесіз қоғамдық жұмыстан» шаршағанын айтты.
«Ешкімге ештеңе қажет емес сияқты. Түрлі рейдтер жасап, көптеген былықты әшкереледік. М Нақты фактімен, сандармен көрсетіп, мәселелер көтердік. Бірақ нәтиже жоқ. Билікке бәрібір, қоғам да селт етпесе, неге біз қара терге түсеміз?», — дейді Боқаев.
Саясаткер мұндай жұмыстан әбден қажығанын, өз еңбегі еш кетпегенін атап өтті. Өзі сияқты белсенділерде тиісті құзырет болмағандықтан қоғамдық әрекеттердің көп нәтижесі жоқ деп есептейді.
Мұндай жұмыстан әбден қажығанын жеткізген саясаткер осы күнге дейінгі еңбегінің еш кеткенін айтыпты. Өзі секілді белсенділерде тиісті құзірет болмағандықтан қоғамдық жұмыстан да қайыр жоқ деп пайымдап отыр.
«Былтыр біз көтерген мәселе бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде Алматыдағы атышулы «брусчатка» дауы бар. Тұтастай алғандай біз көтерген проблемалардың бәрі ақыр соңғы расталып жатыр», — дейді ол.
Ата заңға қатысты ойы
Саясаткер жаңа Конституцияға қатысты пікірін білдірді. Пайымдауынша, қазіргі нұсқасында құжатты қабылдау дұрыс емес.
«Жаңа Конституция бойынша мен өзімді қоғам өкілі ретінде Мәжіліске ұсына алмаймын. Бұл құқығымыздан айырылып, ол саяси партияларға беріледі. Олар өз адамын ғана енгізеді, тізімді алдын ала түзеп қояды. Біз «Нұр Отанның» билік жүргізген дәуіріне қайта оралып барамыз», — деп қынжылды Боқаев.
Саясаткер елден біржолата кетпегенін, қайта оралатынын айтты. Қазір ол бизнесін дамытып, жеке өміріне көбірек көңіл бөлуді жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар