Семей
1182
Семей
Жасқа толып жанарым өксік келіп кеудеге,
Семейімді ойласам еске түседі әлде не?!.
Қараусыз қалған шаһардың тозып біткен көшесі,
Ертісім де ақпайды баяғыдай сәндене
Ағайынға елдегі мойынымды созамын,
Еске түсіп көп жайлар ашуым кеп қозамын.
Зертханалық жануар сияқты болып бауырлар
Бастарынан кешірді осы өмірдің тозағын.
Қалай емдеп аламын, Семейім-ау, мен сені,
Тұншықтырып әлі тұр нейтроның еңсені.
Құдайға не жазды екен, Абай жүрген сар белім?
Қор болдың-ау, жау шаппай, дарындардың мекені.
Туар ма екен басыңа жанданатын тағы күн,
Жөнсіздіктен қирады фабрика, зауытың.
Ұйыған талай жанұя содан тауып табысын,
Қаңғып кетті-ау қиянға жұмыс іздеп ел-жұртым.
Күлшән НҰРБЕКОВА
«Мезгіл әуендері» жыр жинағы
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...
04.10.2026
10:37
Алматыда курьер 3 млн теңгеге жуық қымбат гадже...