Семейде маньяк пайда болды: Полиция мәлімдеме жасады
Семейде тұрғындар арасында маньяк туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Kznews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдерді өлтірді деген қылмыскер туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Хабарлама 17 сәуірде әлеуметтік желілерде тараған. Фейк ақпараттың авторлары белгісіз ер адамның суретін де пайдаланған көрінеді.
«Қазір қалада мұндай оқиға тіркелген жоқ. Тергеу барысында ақпарат расталмады», – деп хабарлады полиция.
Полиция жергілікті тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа құлақ асуды сұрады. Олар Қылмыстық кодекстің 274-бабында көрiнеу жалған ақпарат таратқандарға айыппұлдан үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...