Семейде мысық кір жуғыш машинада бір сағаттай жуылып, мерт болды (ВИДЕО)
Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде үй жануарының қайғылы қазасы туралы видео салып, артынша әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай абайсызда орын алған.
Видео авторының айтуынша, баласы мысықты байқаусызда кір жуғыш машинаның ішіне салып жіберген.
Үй иесі жануарды көрместен, кір жуғыш машинаны бір сағатқа қосып жіберген.
Полиция департаментінің мәліметінше, 19 сәуір күні жануар иесіне қатысты «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Оған 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 36 920 теңге айыппұл салынды.
Абай облыстық полиция департаменті жануарларға қамқорлықпен қарау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Жануарларға қатыгездік көрсету немесе олардың өліміне алып келген немқұрайлылық үшін заң аясында қатаң жаза қарастырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді