Сенат ЛГБТ туралы заңды кейінге қалдырды
4 желтоқсанда Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасын талқылау керек еді. Алайда жоба күн тәртібінен алынып тасталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сенат баспасөз қызметі заң жобасын талқылау белгісіз мерзімге кейінге қалдырылғанын хабарлады.
«Кейбір нормаларды қосымша пысықтау қажеттілігіне байланысты мұндай шешім қабылданған. Маңыздысы – бұл заң арқылы Еңбек кодексіне және 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сондықтан жұмыс ауқымды және қосымша уақытты талап етеді. Сонымен қатар заң балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді де реттейтіндіктен, бұл өте мұқият әрі салмақты қарауды қажет ететін тақырып. Осыны ескере отырып, депутаттар заң жобасын қарауды кейінгі мерзімге шегеруді жөн деп тапты», – деп жазылған хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды