Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды.
Dar Team командасы Instagram-дағы парақшасында Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы ресми ақпарат жариялады. Рахмонов 8 желтоқсанда уақытша UFC белбеуі үшін ирландиялық Иан Гэрримен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Лас Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болады.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.
Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен, жеңіліп көрмеген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
10:32
Мың теңге үшін басталған жанжал: Қызылордада ор...
26.10.2026
10:28
Трамп, Си Цзиньпин, Ердоған, Путин: Тоқаев шете...
26.10.2026
09:55
Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: ...
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды