Шетелдік Қазақстан азаматтығын сатып алғанын айтты: ІІМ не дейді?
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтығын заңсыз алғаны туралы жалған ақпарат таратқан ер адамның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
ІІМ мәліметінше, аталған азамат Қазақстанмен көршілес мемлекеттердің бірінің азаматы болып шыққан.
Тексеру нәтижесінде оның Қазақстан азаматтығын заңсыз алғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайтыны анықталған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта шетелдік әріптестермен бірлесіп, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, дейді министрліктегілер.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге және тексерілмеген немесе көрінеу жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.
Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке дейін жаза қарастырылғанын еске салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...