ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кетпек болды

03.06.2026 09:04 Абзал БАХЫТЖАНОВ
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кетпек болды
252
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар алты жылға сотталғаннан кейін қызметінен кетуге өтініш берген, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желідегі сауалға жауап берген облыс әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жакупова қарамағындағы қызметкер жемқорлықпен ұсталған жағдайда басшының отставкаға кетуі заңда қарастырылғанын еске салып, тиісті құжаттың рәсімделгенін растады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді, алайда оның іске қатысы жоқтығы ескеріліп, бұл талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, сондықтан аймақ басшысының жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр», — деп жазды Лаура Жакупова.

Еске салайық, 20 мамырда апелляциялық сот алаяқтық пен ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған Жақсылық Омардың үкімін күшінде қалдырып, оны мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салумен бірге 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий