Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген марқұмның танысы ұсталды
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Politico.kz
Іздеу жұмыстарына қала полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Қаланың кіреберістері мен шыға берістерінде бақылау күшейтіліп, аумақты тінту жүргізілді. Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта, ұсталды.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін күдіктінің қаза тапқан қыздың танысы екені анықталған. Қылмыстың себептері мен мән-жайларын тергеу анықтайды. «Адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...