Шымкентте 5000 теңгеге жеңгетайлық қылған адамдар сотталып кетті

Шымкентте 5000 теңгеге жеңгетайлық қылған адамдар сотталып кетті
30.04.2025 16:48
0
77
Фото: freepik.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушылар С., Х., Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Сотталушыларға ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) айып тағылған.

Тергеу материалы бойынша, С. және Х. 2024 жылдың тергеумен анықталмаған күні мен 2025 жыл аралығында Шымкент қаласының Сайрам көшесі мен Тәуке хан даңғылындағы сауналарда әкімші ретінде жұмыс жасап жүріп, жезөкше қыздардың мәліметтерін өзара алмасып, жезөкшелік қызмет көрсететін қыздардың қызметін келген адамдарға ұсынып, Х. 2024 жылғы 12 мамырда сыйақы ретінде 5 000 теңге, 2025 жылғы 1 ақпанда 5 000 теңге алған. С. дәл осы тәсілмен 2024 жылғы 12 мамырда жезөкше қыздарды тазалық сақтаушы Ж. арқылы сауна келушісіне ұсынып, екеуі сыйақы ретінде 5 000 теңгесін алған.

Сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар өздеріне жеңіл жаза сұрады.

Сот С. және Х.-ға 3 жыл 6 айға, Ж.-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енбеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий