Шымкентте белсенділер мерзімі өткен балалар тағамының сатылуына тосқауыл қойды
Шымкентте «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері мерзімі өткен өнімдердің сатылуына қарсы әрекет жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
«Время истекло» азаматтық науқаны еліміздің көптеген қалаларында Алматы, Тараз, Талдықорған, Түркістан және Өскеменде жүзеге асырылып, қоғамдық бақылауды күшейтуді мақсат етеді.Белсенділердің хабарлауынша, мерзімі өткен өнімдерді сату бұл жүйелі мәселе және оны тек қоғамдық талқылау мен азаматтардың белсенді қатысуымен шешуге болады.
Иляев көшесі, 86 мекенжайында орналасқан «Turan» дүкенінде жүргізілген тексеру кезінде жартылай фабрикаттардан бастап балалар тағамына дейінгі көптеген мерзімі өткен өнімдер анықталды. Дүкен әкімшілігі алғашқыда өнімдерді сөрелерден алуға уәде бергенімен, қайта тексеру барысында тауарлардың әлі де сатылымда тұрғаны белгілі болды.
Белсенділер мерзімі өткен тауарларды арнайы арт-нысан — тағамды жейтін алып құрт арқылы жойды. Дүкен басшылығы әрекетке қарсылық білдірсе де, «Жаңа адамдар» өздерінің бүкіл қоғам атынан әрекет ететінін айтып, «солай да жарайды» деген салғырттыққа қарсы шықты.
Жаңа адамдар қозғалысының өкілі Бекдаулет Ниятула:
«Біз сатып алушының қауіпсіздігі мен қадір-қасиеті бірінші орында тұратын нарықты қолдаймыз. Шымкентте және басқа қалаларда жүйелі тексерулерді жалғастырамыз. Қайталанған заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, әрбір сатып алушы тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді болуы үшін қоғамдық шаралар қабылдаймыз».
Белсенділердің бұл қадамы қоғамда сатушы мен сатып алушы арасындағы сенім мен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар