Шымкентте ер адамды ұрламақ болғандар ұсталды
Түнгі уақытта адам ұрлау әрекеті видеоға түсіп қалды
Шымкентте белгісіз адамдар түнгі уақытта ер адамды ұрламақ болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға куәгерлерінің бірі жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл жайт полицияның жедел әрекет етуіне себеп болды.
«Желіде азаматқа қатысты заңсыз әрекеттер жасалған видео тарады. Полиция бұл оқиғаға тез арада жауап қайтарды. Барлық қатысушылардың жеке басы анықталды, көлік табылды, екі күдікті қамауға алынды», – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Зардап шеккен азамат қазір бостандықта, ол тергеушілерге куәлік беріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...