«Шын сүйеміз»: Әйел 20 жылдан бері тоқал екенін ашық мойындады

«Шын сүйеміз»: Әйел 20 жылдан бері тоқал екенін ашық мойындады
07.08.2025 15:34
0
237
Фото: Іnstagram.com/aisulu_zein

20 жылдан бері тоқал екенін жасырмай келе жатқан әйел шынайы әңгімесімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Иә, мен тоқалмын. Бірақ мені жай ғана көңілдес деп қабылдамаңыздар. Бәлкім, басында солай көрінген де болармыз, бірақ 20 жыл бойы көңілдес болу – бұл мүмкін емес нәрсе. Мен де кәдімгі әйелмін, тек екінші болдым. Үй шаруасын жасаймын, баламды тәрбиелеймін. Күйеуімнің мойнында отырған жоқпын, ешқашан солай болғым келмеді. Бүгінде де өз еңбегіммен жұмыс істеп келемін. Біздің қарым-қатынасымыз үлкен махаббатқа айналды. Ақша үшін жүрдім бе? Жоқ, бәлкім солай көрінген шығар. Бірақ мені оның тұрақтылығы, сөзіне берік мінезі баурап алды. Айтқанын орындайтын, сенімді адам. Осы 20 жыл ішінде талай қиындықтардан өттік – екеуміздің де құлаған, қайта тұрған сәттеріміз, қызымыздың дүниеге келуі... Бірақ ешқашан бір-бірімізге өкпе артқан емеспіз, артық талап қоймағанбыз. Біз тек шынайы сүйеміз. Болғаны осы», – деп жазды әйел.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий