“Шынтағы мен 6 саусағын шапқан": Қызылордада мұғалімнің әйеліне істеген ісі жанұшырады

Жантүршігерлік оқиға Қызылорда облысы Бала би ауылында болған еді. Мектепте 21 жыл еңбек еткен биология пәнінің мұғалімі әйелін ауыр жаралады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Берік Болатұлының айтуынша, науқас есін біледі, сөйлейді.
«Жарақаты өте көп. Өзі шокта, кейіннен не жағдай болды деп сұрағанымда науқас еш нәрсені есіне түсіре алмады, «не болғанын білмеймін» деді. Тұрмыстық жанжалдан жарақат алғандар кездесіп жатады, бірақ менің тәжірибемде мұндай сұмдық жағдай бірінші рет», - дейді дәрігер.
Ақ халаттылардың айтуынша, шынтағы мен 6 саусағын балтамен шапқан.
Бүгін санитарлық авиациямен облыс орталығына ауыстырылады.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел еш жерде жұмыс істемеген, ал күйеуі намаз оқиды.
Соңғы жаңалықтар





