Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді

Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сапар Мемлекет басшысы Тоқаевтың шақыруымен өтеді

Қазақстанға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келеді

16–17 маусым күндері Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асуда.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланып, екіжақты келіссөздер өтеді.

"Орталық Азия – Қытай" саммиті
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді. Бұл жиында аймақтық ынтымақтастық, экономикалық әріптестік және стратегиялық бастамалар қарастырылады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу