СІМ Грузияда ұсталған қазақстандық туралы мәлімдеме жасады

27.04.2026 15:58 Әсел Мұрат
СІМ Грузияда ұсталған қазақстандық туралы мәлімдеме жасады
219
Фото: видеодан скрин

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 2026 жылы 22 сәуірде Грузияның Имерети аймағында Қазақстан азаматы Ә.Дастанның ұсталғанын растады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Грузияның құқық қорғау органдары азаматымызға Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігінде қарастырылған (есірткі құралдарын заңсыз иемдену және сақтау) құқық бұзушылық жасады деген айып тағып отыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыста. Мәселе Министрліктің бақылауында.

Грузияда 18 жастағы Қазақстан азаматы есірткінің аса ірі көлемдегі заңсыз айналымына қатысты күдікпен ұсталғанын Грузия ІІМ хабарлаған еді. 

Тінту кезінде күдіктілерден көп мөлшерде метадон және оны бөлшектеуге арналған құралдар тәркіленген. 

Сонымен қатар полиция қызметкерлері есірткі заттарын өлшеп-орауға пайдаланылды деген болжаммен тиісті материалдарды тауып, тәркіледі.

Тергеу амалдары Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы бойынша жүргізіліп жатқаны нақтыланды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий