Сирияда екі күндік қақтығыстардан мыңнан астам адам қаза тапты

Сирияда екі күндік қақтығыстардан мыңнан астам адам қаза тапты
09.03.2025 14:51
0
79
Фото: Moawia Atrash/dpa/picture alliance

Соңғы екі күн ішінде Сирияның бірнеше провинциясында жаңа билік пен биліктен тайдырылған президент Башар Асадтың жақтастары арасында болған қақтығыстар мен сотсыз жазалаулардың салдарынан мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ dw.com сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтарын бақылау кеңесінің (SOHR) 8 наурыз, сенбі күні кешке хабарлауынша, 6 наурыздан бастап Сирия қауіпсіздік күштері мен олардың одақтастары 745 бейбіт тұрғынды өлтірген. Құрбандар арасында әйелдер мен балалар бар.

Ұйымның мәліметінше, Латакия, Тартус, Хама және Хомс провинцияларындағы 29 елді мекеннің тұрғындары жаппай қырылған. SOHR уақытша үкімет күштерін әскери қылмыс жасады деп айыптады. Бұл жағалау аймақтары Асадтар әулетінің тірегі болып саналады және Асадтың өзі тиесілі алавиттік азшылық қауымының көп бөлігі сонда тұрады.

SOHR мәліметінше, қаза тапқандар арасында соғысқа қатысқан екі тараптың 273 өкілі бар. Сириялық құқық қорғаушылар жариялаған деректерді тәуелсіз көздер арқылы растау мүмкін емес.

Қақтығыстар салдарынан халықтың тұрмыстық жағдайы нашарлады. Латакияда электр және сумен жабдықтау үзіліп, базарлар мен наубайханалар жабылды, деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий