«Соңғы той»: Атырауда кісі қолынан қаза тапқан отбасының видеосы тарады

07.01.2026 09:36 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Соңғы той»: Атырауда кісі қолынан қаза тапқан отбасының видеосы тарады
0
1423
Видеодан кадр

Атырау облысында үй ауласындағы сарайдан жерленген күйде табылған зейнеткерлер Мақсот пен Нәсіптің мерейтойынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz

Бейнежазбада марқұмдар балалары — Мирамгүл мен Наурыздың, сондай-ақ қыздары Ақбаянның жанында бейнеленген. Туыстарының мәліметінше, Ақбаянның күйеуі отбасының қазасына басты күдікті ретінде қарастырылып отыр. Оның діндар болғаны, намаз оқығаны айтылуда. Ал Ақбаян соңғы уақытта жақындарымен сирек байланысқа шыққан.

5 қараша күні отбасы мүшелері бірге жоғалып кеткен. Содан бері олардың тағдыры белгісіз болып келген.

Қазіргі таңда Мирамгүл мен Наурыз әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий