Спортшылар несиесін жауып, үйін әперіп қойғандықтан нәтиже көрсетпеді – спорт журналисі
Париж Олимпиадасынан тікелей ақпарат таратқан спорт журналисі Аслан Қаженов «Бірінші бол» Youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстан спортшыларының барлық жағдайы жасалып, тіпті, несиелеріне дейін алдын ала жабылып қоятынын айтты.
Шыны керек, спортшыларда тоқтық бар. Өйткені Париж Олимпиадасының алдында олардың барлық жағдайы жасалды. Спортшы алаңдамасын деген мақсатпен федерация өкілдері олардың басындағы несиелерін жауып, көлік, пәтерлерін әперіп қойған еді. Өкінішке қарай, бұл оң нәтиже бермеді, - дейді әріптесіміз.Оның айтуынша, бізден басқа ел спортшылары жоғары нәтижені Олимпиадаға «аш» барғандықтан көрсеткен. Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында небары 7 медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 43-орын алған болатын. Фото: Michael Reaves/Getty Images
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...